Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі әкімінің қаулысының жобасына «Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы жеңілдіктердің мөлшерін бекіту туралы»
Пресс- релизі
Жоба «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, «Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген).
Қаулы жобасын әзірлеу мақсаты - мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу.
Қаулы жобасының нысаны 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15923152.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 5 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңес отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жария талқыланды.Жария талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар берді.
2026 жылғы 5 маусым күні сағат 10:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында дене шынықтыру және спорт бөлімінде бөлім басшысы А.А. Сейтбатталовпен бөлім ұжымымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру іс-шаралары, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде "Таза Қазақстан" "Таза бейсенбі" жобасы аясында дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері Новоишим аулында Ғабит Мүсірепов көшесінің аумағын абаттандыру және тазалау бойынша қатысты