«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Нововишим а.                                                                               19 маусым 2025 жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» басшының 2025 жылғы 2 мамырдағы №19 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 14 мамырдан бастап 17 маусым аралығында жүргізілді.

Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 5 маусым 2025 жылғы 13 мамырға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы Бөлім басшысының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 15 бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жасады: Мустафина Раушан Ахмерқызы -Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қоғамдық кеңесінің мүшесі, Осипова Гүлжан Ербатырқызы- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ бас маман-бухгалтері, Богдан Бауыржанұлы Утамбетов – «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі»КММ спорт бойынша бас маманы.

 

Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік), ішкі құжаттарда 0 (бірлік).

Талдау жүргізу барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ (бұдан әрі-бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ «дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің спорт".

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде заңнамалық актілер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен расталған лауазымдарды айқындау 0 (бірлік).

Өткен кезеңде бөлім қызметкерлерінің ешқайсысы жұмыстан шыққан жоқ, сәйкесінше ауысымдылық - 0% құрайды. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жоспар-кестеге сәйкес бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу енгізілген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Талданатын кезеңде-1 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Бөлімде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Көтермелеу практикасын қолдануға қатысты 8 наурыз, Наурыз сияқты мерекелерге қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы бұйрықтар зерделенді.

Зерттеу барысында бөлім қызметкерлері арасындағы сыйлықақы сомасы біркелкі бөлінгені анықталды.

 

Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

"Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңының 1-бабының 17) тармақшасына сәйкес, мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық болып табылады, бұл ретте мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Жақын туыстары (ата-аналары (ата-аналары), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ. Талдау барысында бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

Жұмыс тобы 2024 жылғы 5 мамыр 2025 жылғы 13 мамырға дейін талданатын мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ 1 қызмет көрсетеді:

«Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі»

2024 жылдың 5 мамыр мен 2025 жылдың 13 маусымдағы аралығында 11 қызмет көрсетілді.

2024 жылғы 5 мамыр мен 2025 жылғы 13 маусымдағы аралығында мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Бөлім рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

 

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Бөлім бақылау-тексеру функцияларын іске асыруды жүзеге асырмайды.

 

Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жоспары уақытылы орналастырылды, 2024 жылдың 5 мамыр мен 2025 жылдың 13 маусымдағы аралығында дейінгі кезеңде бюджет қаражаты 100% игерілді.

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Жұмыс тобы 2024 жылдың 5 мамыр мен 2025 жылдың 13 маусымға дейін талданатын кезеңде мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

 

Барлық мемлекеттік сатып алулар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес 2024 жылдың 5 мамырынан 2025 жылдың 13 мамырына дейінгі кезеңде 47 мемлекеттік сатып алу өткізілді. оның ішінде бір көзден алу тәсілімен тікелей жасасу жолымен - 2 шарт, алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс - 0 шарт, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 12 шарт, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден - 17 шарт, электрондық дүкен арқылы - 15 шарт, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу - 1 шарт.

Ішкі талдау нәтижесінде бөлімде Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты адамдардың жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары болып табылатын әлеуметті өнім берушілердің өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

 

Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).

 

Жұмыс тобы 2024 жылдың 5 мамырынан 2025 жылдың 13 мамырына дейінгі кезеңде ақпараттық жүйелерді пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

Бөлім электрондық іс жүргізудің технологиялық базасы болып табылатын және Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді жетілдіруге арналған "Е-қызмет" ИАЖ жүйесінде жұмыс істейтіні анықталды.

Жүйе 9 блоктан және 31 функционалды ішкі жүйеден тұрады.

"Е-қызмет" жүйесі арқылы мынадай мақсаттарға қол жеткізіледі:

- мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметін автоматтандыру;

- кандидаттар мен мемлекеттік қызметшілерді тестілеу нәтижелерін алу;

- мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

- барлық деңгейлерде тәртіптік бақылауды қамтамасыз ету;

- үздік халықаралық практикаға сәйкес мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды қамтамасыз ету;

- "online" режимінде орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер туралы толық кадрлық ақпарат алу;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің меморандумында және стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу.

"Е-қызмет" ақпараттық жүйесін зерделеу барысында бұзушылық фактілері анықталған жоқ, барлық қойындылар уақтылы толтырылады.

Бөлімде мемлекеттік органның қызметінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.

Вирусқа қарсы базаларды жүйелі түрде жаңарту, жұмыс станцияларының, серверлер мен ноутбуктардың вирусқа қарсы профилактикасы, бөлімнің ақпараттық жүйелері үшін логиндерді өзектендіру және мониторингілеу, жұмыс станцияларында парольдерді ауыстыру жүргізіледі.

 

Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдердің саны 0 (бірлік).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қызметті зерделеу бойынша ішкі талдау жүргізілді.

2024 жылдың 5 мамырынан 2025 жылдың 13 мамырына дейін бөлімге 2 өтініш келіп түсті, жауаптар мерзімінде ұсынылды.

Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы әлеуметтік желілерде және дене шынықтыру және спорт бөлімінің интернет-ресурсында жария етумен қамтамасыз етіледі, бөлімнің қаржыландыру жоспары «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылған, әлеуметтік желілерде және интернет-ресурста тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпарат, кітапшалар, жадынамалар орналастырылған.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

 

Ұсынымдардың жалпы тізімі:

  1. Орындаушы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін Бөлімнің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

Қоғамдық кеңес мүшесі                                            Р. А Мустафина

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің

Дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ

 бас маман-бухгалтер                                                     Г. Е Осипова

 

 

   

«Солтүстік Қазақстан облысы

 Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің

Дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ

бас маманы                                                                      Б. Б Утамбетов

                                               

 

 

 

Таныстым:

Дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы             С. В Минин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

Қосымша

 

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ-нің талданатын провизиялық актілері мен ішкі құжаттарының тізбесі

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген үлгілік қағидалар.
  2. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясымен.
  3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі"КММ ережесі
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы.
  5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 әдеп кодексі.
  6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 17 бұйрығы 2019 жылғы қыркүйек №254
  7. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
  8. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 Мемлекеттік сатып алу туралы заң.

9. Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V заң.

АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА о результатах внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности коммунального государственного учреждения «Отдел физической культуры и спорта акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Дата публикации
30 июня 2025