ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын іске асыру нәтижелері туралы
Глубокое кенті «11» қыркүйек 2026 жыл
2026 жылы ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және оған бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды барынша азайту, білім беру саласында ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкес ұйымдастырылды.
2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде білім беру ұйымдарында профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаттар:
2026 жылы ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және бағынысты ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді/жүргізу ұйымдастырылды.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды. Қағидаларға сәйкес ішкі талдау объективтілік, сенімділік, айқындық және жан-жақтылық қағидаттары негізінде жүргізіледі.
Талдау барысында мынадай бағыттар зерделенді:
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай туғызуы мүмкін тәуекелдер зерделеніп, оларды болдырмау және төмендету жөніндегі профилактикалық шаралар айқындалды.
Білім беру ұйымдарындағы кадрлық жұмыс қолданыстағы еңбек және білім беру заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2026 жылы білім беру ұйымдары бойынша қызметкерлердің жалпы саны – 2239 адам, оның ішінде педагогтер – 1213.
Бос жұмыс орындары туралы ақпарат белгіленген тәртіппен жарияланып, жұмысқа қабылдау рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, педагогтерді аттестаттау, біліктілікті арттыру және педагогикалық жүктемені бөлу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша бақылау жүзеге асырылады.
Мүдделер қақтығысына жол бермеу, жақын туыстардың бірлесіп жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді анықтау және оларды уақтылы реттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік теріс қылықтар және қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддесіне пайдалану фактілері анықталған жоқ.
Білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысын анықтау және оның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда ол туралы басшылыққа дереу хабарлау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылы мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.
Анықталған жағдайда оларды заңнамада белгіленген тәртіппен реттеу жөнінде шаралар қабылданады.
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ашықтық, қолжетімділік және заңдылық қағидаттарын сақтау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі, бұл адам факторын төмендетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
2026 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының жауапты қызметкерлерімен түсіндіру және әдістемелік жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау, өтініштерді тіркеу, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде заңнамада белгіленген негіздерді сақтау мәселелері тұрақты бақылауда болды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында азаматтардың құқықтарын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
2026 жылдың есепті кезеңінде e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы 164 өтініш келіп түсті.
Өтініштер белгіленген мерзімдерде тіркеліп, қаралып, олардың нәтижелері бойынша уәжді жауаптар берілді.
Өтініштерді қарау кезінде:
мәселелері бақылауда болды.
Өтініштерді қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында шешімдерді қабылдаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, өнім берушіні таңдау, шарт жасасу және оның орындалуын бақылау кезінде заңнама талаптарының сақталуына назар аударылды.
Білім беру ұйымдарының басшылары, бухгалтерлері және мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлер арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік сатып алу саласында мүдделер қақтығысына, өнім берушілерге заңсыз артықшылық беруге және конкурстық рәсімдерге заңсыз араласуға жол бермеу мәселелері тұрақты бақылауда.
2026 жылы ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-ге қарасты барлық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлар кеңестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мүдделер қақтығысын болдырмау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заңсыз сыйақы мен сыйлықтарды қабылдауға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу, кадрлық мәселелерді шешу және білім беру ұйымдарындағы басқару шешімдерін қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау, оларды болдырмау және анықталған тәуекелдер бойынша тиісті профилактикалық шаралар қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
2026 жылғы қыркүйек айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау (СЖТСТ/ВАКР) жүргізілді.
Талдау барысында білім беру саласындағы қызметтің негізгі бағыттары, оның ішінде кадрлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын пайдалану, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет және өзге де тәуекелді бағыттар зерделенді.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің теріс фактілері анықталған жоқ.
Талдау нәтижелері оң бағаланып, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелі түрде ұйымдастырылғанын көрсетті.
2026 жылы білім беру ұйымдарында ата-аналар қауымдастығымен, педагогтермен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
Азаматтарға білім беру ұйымдарының қызметіндегі ашықтық, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, өтініштерді электрондық түрде беру мүмкіндігі, заңсыз ақша жинауға және заңсыз сыйақы беруге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Ата-аналар мен білім алушылардың сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ақпарат беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық материалдар білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылық, адалдық және құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша ақпараттық материалдар аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ресми ақпараттық ресурстарында жарияланды.
Жарияланымдарда өткізілген семинарлар, түсіндіру кездесулері, профилактикалық іс-шаралар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қамтылды.
2026 жылы ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ және оған қарасты барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Барлық білім беру ұйымдарында және директорлар кеңестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта семинарлар, кеңестер және түсіндіру жұмыстары өткізілді.
2026 жылғы қыркүйек айында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша теріс фактілер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыни деңгейі анықталған жоқ. Нәтижелер оң деп бағаланды.
Есепті кезеңде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңдылығы, азаматтардың өтініштерін қарау және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері тұрақты бақылауда болды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, ашықтық пен есептілікті арттыруға бағытталған тұрақты жүйе қалыптасты.
Алдағы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтау және болдырмау, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
ШҚО ББ" Глубокое ауданы
бойынша білім бөлімі " ММ басшысы С.Утепов