«SKILLS FOR GEEKS-2025» чемпионатының
қорытындысы
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Уварово орта мектебі» КММ базасында робототехника технологиясын игеру және қолдану, бағдарламалау және үш өлшемді компьютерлік модельдеу саласында оқушылардың шығармашылық зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі өтті. Чемпионатқа 23 команда, 130 оқушы қатысты. Командалар 10 + және 14 + жас санаттарында бақ сынасты.
Аудандық чемпионат кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасерекшелік бойынша:
«Желі бойынша жарыс» – Кабидулин Рамиль, «Уварово орта мектебі» КММ; «Кегельринг» – Донских Артем, «Предгорное орта мектебі - балабақша кешені» КММ;
«Сумо» - Мамынғалиева Айгерім, «Ахмет Байтұрсынұлыатындағы орта мектебі» КММ;
«Бағдарламалау» - Даулеткайров Мансур, Даулеткайыров Ратмир, «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое ОМ» КММ;
«3D модельдеу» - Юданов Никита, Зайдель Роберт, «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ.
14+ жасерекшелік бойынша:
Танк биатлоны – Кургузов Денис, «Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ;
Кегельринг квадро – Рауанұлы Жантөре, «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ;
3D модельдеу – Коряко Юлия, Пивненко Владислав, «Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ;
Бағдарламалау – Подкорытов Кирилл, Яут Станислав, «Малоубинка орта мектебі» КММ