Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі 44 бабы 9-тармақшасына сай ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Уварово орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңеске азаматтарды қабылдайтыны жөнінде хабарлайды.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
- жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері;
- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
- білім беру ұйымында ата-аналар комитеті ұсынған әр сынып, курс паралелдеріндегі білім алушылардың ата-аналарының біреуі ғана немесе заңды өкілдері;
- қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге негіздеме:
1.Сотталмағандығы туралы анықтама;
2.Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады: Уварово ауылы Қазақстан көшесі 12 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің " Уварово орта мектебі " КММ, жұм. тел. 8(72331) 24-5-41 Электронды мекенжайы: shuvarovo@yandex.kz