VIIІ шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, өңірлік даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия
Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен міндеттері: талдау, істердің жағдайын зерделеу, сондай-ақ аудан бюджетінің атқарылуын бекіту және бақылауға қатысу; ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, орындаудағы есептерді тыңдауға қатысу; жергілікті деңгейде АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, оның ішінде - дөңгелек үстелдердің, конференциялардың семинарлардың және т.б. жұмысына қатысу; АӨК мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу саласында ауданның атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу; тұрақты комиссияның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпаратын тыңдау, негіз қалаушы құжаттарды қабылдау, қорытындылар шығару, ақпаратты қорытындылау, тұрақты комиссияның қарауына жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырыстары нысанында жария тыңдаулар өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың, комиссияның қарауына жататын өзекті мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу, жылына кемінде бір рет аудандық мәслихатта өз қызметі туралы есеп беру.
Төраға: Садықов Серикбек Маирканович
Комиссия мүшелері:
Муканов Талгат Орынгазыевич
Рахимов Куаныш Зейнельгазинович
Баймагулов Нуржан Бектемисович
VIIІ шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен міндеттері: Аудандық мәслихат сессиясына шығарылатын мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы бөлімнің жағдайын талдау және зерделеу, комиссия құзыреті шегінде ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды мәслихат сессиясына енгізу, мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын қарау, комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау, жергілікті деңгейде денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс қызмет саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, мектепке дейінгі тәрбие, құқықтық қорғау, халықты жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері, депутаттық қызмет оның ішінде: дөңгелек үстел, конференция семинарларына қатысу және т. б; әлеуметтік сала мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде ауданның атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпаратын тыңдау; әлеуметтік сала өзекті мәселелері бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу, әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссияның қарауына жатқызылған аса маңызды және маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; аудандық аумақтық сайлау комиссиясының аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстарды қарау, аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық әдепті бұзуы туралы материалдарды қарау, өз қызметі туралы есеп-жылына кемінде бір рет аудандық мәслихатта беру.
Комиссия төрағасы:
Леонтьева Елена Александровна
Комиссия мүшелері:
Мурзыканова Айгуль Чингисовна
Кузнецова Анна Юрьевна
Глухих Виктория Евгеньевна
VIIІ шақырылған Глубокое аудандық мәслихатының коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша істердің жай-күйін зерделеу және қорытындылар беру, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын, жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекітуге қатысу; елді мекендерді абаттандыру қағидаларын, жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекітуге қатысу;комиссия құзыреті шегінде мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну; қоғамдық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімімен өзара іс-қимыл жасау, заңдылық және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық, комиссия құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты тыңдау жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың ақпараты.
Комиссия төрағасы:
Елфимов Илья Васильевич
Комиссия мүшелері:
Омаров Кенес Сейсембаевич
Жармухаметов Ерлан Рамазанулы
Казанцева Ирина Болатовна