Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәслихат тарихы

1994 жылы 7 наурызда елімізде жергілікті өкілетті билік органдардың – мәслихаттардың сайлауы өтті, осы күн мәслихаттардың «туған күні» деп аталады және елімізде тарихи маңызды орын алады. Депутаттық корпустың құрамы өкілді органдар әрекет еткен кезден бастап өзгеріп отырды, бірақ жұмыс қағидасы өзгеріссіз қалды: объективтік түрде тұрғындардың мүдделерін ұстану, ауданның өзекті мәселелерін шешуде кәсіптік және жауапты түрде қарау.

Глубокое ауданы мәслихатының бірінші құрамын басқарғандар: О.С. Сарсембаев, В.Г. Тарасов, А.П. Брагинец және қатарынан екі шақырылым - А.А. Баймульдинов. Мәслихаттың осы құрамдары әр кезеңдерде, әрине, халықты жұмылдыруда, өкілді және атқарушы биліктің жанында  жаңа саяси күш жинауда өзінің ерекше орнын алды.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде күрделі таңдаудың алдында тұрды. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар басқару жүйесін ауыстыруда жаңа тәсілдер, басқару жүйесінде қайта құрулар, нарықтық экономика заңдарына сәйкес, тұрмыс салтын өзгертуді талап етті. Осындай жағдайда мәслихаттар да шынықты.

25 жыл бұрын мәслихаттар құрылған кезде Қазақстанда жаңадан мемлекеттілік құрылған болатын, жаңа мемлекет орнады, билікті бөлу қағидасына және билік органдарының өзара қарым-қатынасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі құрылды. Содан бері жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару звеносы жылдан –жылға күшейіп, маңызы артып келеді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың құрылған уақытынан бері, құрылымы өзгеріп, 25 жыл өтті.

 Оны ең бірінші Василий Иванович Ахаев басқарды, біздің жерлесіміз, Прапорщиково ауылының тұрғыны. Құметті адам, ол көптеген жылдар бойы өкілді және атқарушы органдарда жұмыс істеген, облыс тұрғындарының арасында үлкен беделге ие. В.И. Ахаев облыстық мәслихаттың төрт шақырылымын басқарды. 

Бүгінгі күні осы маңызды да, жауапты жұмысты Владимир Михайлович Головатюк жалғастырып келеді. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары біздің жерлестеріміз Г.А. Селиванов, Л.П. Цыбенко, В.Л. Кошелев, А.Г. Шмурыгин, М.Б. Шахтаев болды, олар біздің өңіріміздің дамуы үшін өкілді орган билігін ұйымдастыруда көп жұмыс атқарып, қомақты үлес қосты. Депутат жұмысының маңызды бағыты тұрақты комиссиялар жұмысы болып табылады. Онда аса белсенділікті мынадай депутаттар таныта білді: Р. Ахмадиев, Г. Абильмажинова, В. Бородина, М. Фараджев, К. Омаров, Е. Псарев, А. Мурзыканова. 

Олар әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың кәсіптік қызметтеріне жақын комиссияда қаралатын мәселелерге сай жеткілікті кәсіптік, қоғамдық және өмірлік тәжірибелері бар.

Әдетте, қарапайым адамдар үшін жұмыстың маңызды бөлігі – бюджетті құру және бекіту, әртүрді өңірлік бағдарламаларды бекіту, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерін қарау, ауданды басқару схемасына өзгерістер енгізу және тағы басқаларды қарау, көрінбейді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы