Геология комитетінің Төрағасы әріптестерін ҚР Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады

Геология комитетінің Төрағасы әріптестерін ҚР Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады

Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Төрағасы Талғат Сатиев Комитет қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтады.

Төраға өзінің кіріспе сөзінде Конституция біздің еліміздің басты заңы болып табылатынын, оның үстемдігі мен негізгі рөлі бар, уақыт сынынан өткен және мемлекеттің, қоғамның, адам мен азаматтың тіршілік әрекеті, өзара іс-қимылы үшін негіз қалайтынын атап өтті.

Іс-шара барысында Талғат Бақтыярұлы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бірқатар қызметкерлерге «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.