«Kazakhmys Barlau» ЖШС қызметкері адамдардың өмірін құтқарғаны үшін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің алғыс хатымен марапатталды

«Kazakhmys Barlau» ЖШС қызметкері адамдардың өмірін құтқарғаны үшін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің алғыс хатымен марапатталды

Бүгін салтанатты жағдайда ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сәтиев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтен «Kazakhmys Barlau» ЖШС бұрғылау қондырғылары шеберінің көмекшісі Қуаныш Даменовты Семей қаласындағы өрттен адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батырлығы, батылдығы және жанқиярлығы үшін Алғыс хатпен марапаттады.

«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі атынан Сізге жоғары азаматтық ұстанымы үшін алғысымды білдіремін. Өмірде әрқашан ерлікке орын бар. Сіз жастарға үлгі!»,- деді Талғат Сатиев.

Қуаныш Даменовке «Kazakhmys Barlau» компаниясының атқарушы директоры Қадыржан Қаудашев пен компанияның бас директорының кеңесшісі Ақбатыр Надырбаев алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жемісті еңбек тіледі.

Қуаныш Дарменов өз кезегінде барлығына алғысын білдіріп, мұны ерлік емес, Қазақстанның әрбір азаматының парызы деп есептейтінін айтты.

Өрт 18 тамызда Семей қаласы Шәкәрім көшесі 88 мекенжайында Қуаныш үйіне оралғанда болған. Өртті көріп, ол жедел жәрдем мен өрт сөндірушіні шақырып,  терезелерін сындырып, екі баласы бар әйелге шығуға көмектесті.

Геология комитеті батырлық іс-әрекет жасаған, батылдық танытқан және адамдардың өмірін сақтап қалған «Kazakhmys Barlau» қызметкері Қуаныш Даменовты мақтан тұтады!