
«Республика күні» ұлттық мерекесіне орай Геология комитетінде өзінің адал еңбегімен және тәртібімен көзге түсіп жүрген қызметкерлерді атап өту үшін электронды дауыс беру арқылы түрлі номинациялар бойынша үздік қызметкерлерді анықтау бойынша сауалнама ұйымдастырылды. Дауыс беруге Комитеттің барша қызметкерлері қатысты. Әрбір қызметкер үш номинация бойынша өзі таңдаған әріптесіне дауыс берді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша келесі қызметкерлер жеңіске жетті:
«Өз ісінің кәсіби маманы» номинациясы бойынша - Сүйіндікова Назгүл Серікқызы;
«Ең әдепті мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша – Тлебалдина Аида Мұратбекқызы;
«Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша – Исниязов Руслан Рүстемғалиұлы.
Жеңімпаздарды Комитет төрағасы Ерлан Акбаров алғысхатпен марапаттады.