Қазақстан ТМД жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXVII отырысына қатысты

Қазақстан ТМД жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXVII отырысына қатысты

2024 жылғы 12-13 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында ТМД жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXVII отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров қатысты.

Отырыста ТМД-ға мүше Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстан сияқты елдердің геологиялық қызметтері басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сөйлеген сөздерде 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс қорытындылары шығарылды, оның ішінде XXVI сессия шешімдерін іске асыру және Бірлескен геологиялық жұмыстардың Перспективалық жоспарын орындау барысы айтылды.

Қазақстандық тарап тақтатас мұнайы, табиғи битум және көмір қабатының метаны сияқты ресурстарды барлау және өндіру перспективаларын зерделеу саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді ұсынды. Кадрларды даярлау және сарапшылық қоғамдастықты дамыту, оның ішінде оқу материалдарын әзірлеу арқылы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның тұрақты ресурстарды басқару саласындағы халықаралық шеберлік орталықтары арасында қол қойылған меморандумдар аясында салааралық ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.

«Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығының басшысы Д.Әжғалиев жеке баяндама жасады. Ол Ресей, Қазақстан және Өзбекстан геологиялық қызметтерінің тығыз ынтымақтастығын талап ететін Каспий-Арал-Амудария аймағындағы шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін бағалау үшін ГАЖ-Атлас құру перспективаларымен таныстырды.

Сондай-ақ, сессияда геологиялық салаға цифрлық технологияларды енгізу, шекаралас аймақтардың минералдық ресурстарын зерттеу бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асыру, геопарктерді құру және басқа да ынтымақтастық бағыттары талқыланды.