БІРҚАТАР ГЕОЛОГҚА ҮКІМЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

 БІРҚАТАР ГЕОЛОГҚА ҮКІМЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Инвестициялар және даму министрлігінде салтанатты түрде Министрлік қызметкерлерінің және де геология саласындағы жетекші жұмысшыларды марапаттау рәсімі өтті. Оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалін «Шығысқазжерқойнауы» өңіраралық департамент жетекшісі - Серик Келеманов, «Центргеолсъемка» ЖШС президенті - Хандаш Исмаилов және «Казцинк» ЖШС бөлім басшысы - Людмила Фесяноваға берілді. «Құрмет» ордені «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Стратегиялық жоспарлау және даму жөніндегі директоры - Резбенкуль Урыспаеваға, ІІІ – дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы Сәтпаев қаласындағы «Жезказганцветмет» өндірістік бірлестігінің Шығыс-Жезқазған кені №73/75 шахтасы №6 учаскесінің 6 санатты шпур бұрғылаушы - Жеңіс Досжановқа берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы «Жайыкгидрогеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры - Бисен Даумовқа табысталды.