2020 жылдың 17 шілдеде «Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы» тақырыбында экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.А. Брекешевтің төрағалығымен өткізілді.
Мәжіліске Павлодар облысы әкімінің орынбасары А. К. Байханов, Қарағанды облысының әкім өкілдері, ғылым өкілдері, жер қойнауын пайдаланушылар және геологиялық ұйымдар қатысты.
Вице-министр С.А. Брекешев Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толтыру мәселелері және Қазақстандағы геологиялық саланы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Э.Ю. Сейтмуратова - геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының ҰҒА корреспондент мүшесі, «Қ.И. Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институты» зертханасының меңгерушісі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің мыс және алтын құрамы және олардың өнеркәсіптік болашағы туралы баяндама жасады.
«Қазгеология «ҰГК» АҚ, «Каzakhmys Barlau» ЖШС, «Казцинк» ЖШС,«Азимут геология» ЖШС, «Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС, сонымен қатар ғылыми ұйымдарының өкілдері Орталық Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы туралы және геологиялық барлау кәсіпорындарының жұмыс берушілерімен өзара әрекеттестік негізінде мамандарды даярлау сапасын арттыруы туралы баяндама жасады.
Мәжіліс барысында геологиялық саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар талқыланып және геологиялық барлауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар алынды.
Соңғы жылдары минераллды-шикізат базасын толықтыру үшін ірі қала құрушы кәсіпорындар, мысалы, «Корпарация Казахмыс» ЖШС, «Казцинк» ЖШС және т,б. өз инвестицияларын салып жатыр.
Геоогиялық барлау жұмыстарының қарқыны инвесторларды тартуға жаңа серпін береді, бұл өз кезегінде жаңа кен орындарын ашуға және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.