ҚОСТАНАЙЛЫҚ ГЕОЛОГТАР ЖОЛДАУ ХАТЫ БАР КАПСУЛАСЫН АШТЫ

 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ГЕОЛОГТАР ЖОЛДАУ ХАТЫ БАР КАПСУЛАСЫН АШТЫ

Қостанай қаласының геологтары 1967 жылы салынған жолдау хат капсуласын ашып, ол болашақ геологтарға таныстырылды.

Іс шараға еліміздің әйгілі академиктері, геология саласының ардагерлері ҚР МРА академигі Б.И. Бекмагамбетов., В.К. Дейнека., 1967 жылы капсула қойған уақыттағы куәгерлер – Р.П. Дорофеева, Ю.И.Ким, В.М.Максимова, Г.Н.Чимбарева және Е.В.Бражникова, «Солтүстікқазжерқойнауы» Өңіраралық департамент өкілдері және де Солтүстік Қазақстан облысы ірі компанияларының бас геологтары қатысты.

Кеңес заманы геологтарының жолдау хатының мәтінімен «Солтүстікқазжерқойнауы» Өңіраралық департаменті жетекшісінің орынбасары Т.М. Исасеитов, Қостанай аймағы бойынша геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекшісі А.Ш.Дюсенова таныстырды.