«ПАРА АЛМА – ПАРА БЕРМЕ» АКЦИЯСЫ

 «ПАРА АЛМА – ПАРА БЕРМЕ» АКЦИЯСЫ

2018 жылғы 18 қаңтар күні Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы 9-міндетті, ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану комитетінің ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері           және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Каскин, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінң Астаналық филиалының директоры Д.Р. Рахметуллин, Қазақстан Республикасы блогерлері ассоциациясының өкілі А.К. Сансызбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аға офицері А. Божбанов қатысты.

Кездесу барысында халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін күшейту, құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықты болдырмау, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне аса назар аударылды. Сөз сөйлеушілер «ПАРА АЛМА – ПАРА БЕРМЕ» акциясы  аясында қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмауға жол ашатын белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға шақырды.

Кестесу барысында тақырыптық бейне роликтер көрсетілді

Қазақстан Републикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Т.Т. Қаскиннің сөзі

Akciya-«V-BUDUSchEE-BEZ-VZYaTOK-VMESTE»