
Ү.ж. 18 қаңтарында «Оңтүстікқазжерқойнауы» Өңіраралық департаменті басшысының орынбасары Қыдырманов Сайын Заңғарұлының құрметті демалысқа шығуына байланысты Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен Өңіраралық департамент ұжымымен бірге видеоконференция режимінде құрмет көрсетілді.
Қыдырманов С.З. 1980 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген соң өзінің саналы еңбек жолын геология саласына арнаған маман.
1999 жылдан бастап Талдықорған аумақтық инспекция бастығы және Алматы қаласындағы «Оңтүстікқазжерқойнауы» Өңіраралық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Геология саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Сайын Заңғарұлы "Еңбек ардагері" медалімен, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарының Әкімшіліктерінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Сайын Заңғарұлы жас геологтар буынына үлгі бола алатын өз ісінің маманы.