ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕКТІ ӨСАБ ВАЛИДАЦИЯДАН ӨТТІ

 ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕКТІ ӨСАБ ВАЛИДАЦИЯДАН ӨТТІ

2018 жылдың 13ақпанында Осло қаласында (Норвегия) өткен Өндіру салаларының ашықтығы Бастамасы (ӨСАБ) Халықаралық Басқармасының 39-отырысы барысында ӨСАБ Стандарты 2016 талаптарына қол жеткізу үшін елімізде атқарылған үлкен жұмыстарды ескеріле отырып, Қазақстандағы валидация қорытындысына қатысты мәселелер талқыланды. ӨСАБ Басқармасы Қазақстан ӨСАБ-ты енгізуде елеулі прогреске қол жеткізді деп шешті. Қазақстан Үкіметі мен мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі (МТҰК) «қоғамның, оның ішінде азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және мүдделі тараптардың дәйекті ақпаратты уақытылы ұсынуы арқылы өндіруші салалардағы ашықтық пен есептілікті арттыруда» прогреске қалай қол жеткізгені туралы шешімде ерекше атап көрсетілген. Сонымен қатар, Басқарма Қазақстан өзінің ӨСАБ есебін жергілікті қаржыландыру, әлеуметтік инвестициялар, мұнай, газ және пайдалы қазбалар тасымалы туралы қосымша ақпаратпен толықтырып, бірте-бірте есептілік аясын кеңейткенін ескерді.

ӨСАБ Басқармасы Қазақстанның өндіруші салаға қатысты қаржылық деректерді және басқа да мәліметтерді мемлекеттік жүйелерде жариялағанын жоғары бағалады. Оған шарт міндеттемелерін қадағалау үшін үкіметтің дерекқорына ашық қолжетімділік, сондай-ақ лицензиялар мен геологиялық деректердің онлайн кадастрын іске қосу кірді. Бұл жұмыс Қазақстанның ӨСАБ есептерін өз бетінше жасаудан жүйелі әрі уақытылы ұстанымға біртіндеп көшуін қамтамасыз етті. Осы прогреске қарамастан, Басқарма ашықтықты нығайту, атап айтсақ, мемлекеттік кәсіпорындарға, мұнай саудасына, Ұлттық Қорды басқаруға қатысты ақпараттың қоғамға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы нығайту жөнінде бірқатар ұсынымдар жасады.