
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті ұжымының атынан Геолог күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер еліміздің экономикалық дамуының берік негізін құра отырып, болашақтың өркендеуіне ықпал етесіздер.
Геологтар жүріп өткен жолдар жаңа кен орындарымен, темір жолдарымен, зауыттарымен және жаңа қалаларымен жалғасады.
Осы мереке қарсаңында еліміздің геология саласының дамуына үлес қосқан үлкен үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сіздерге зор денсаулық, осы қиын да қызыққа толы еңбектеріңізде әрдайым сәттілік, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз!
Геология және жер қойнауын
пайдалану комитетінің Төрағасы А. Надырбаев