VI АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

 VI АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ АЯҚТАЛДЫ

«ҚР Геология және минералдық ресурстар ақпараттық талдау орталығы» Алматы қаласының білім басқармасымен  және Каспий Қоғамдық университетімен бірлесіп VI Алматы қалалық ашық теориялық, геологиялық Олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 115-тен астам оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-і   басшысының орынбасары  Уайс Бектибаев, "ҚР ГМР АТО"-ның бас директорының міндетін атқарушы Жанар Таңсықбаева, Каспий Қоғамдық университетінің деканы Анар Шукманова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада 6-7-сынып, 8-9-сынып және 10-11-сынып оқушылары арасында өтті.

Жарыс 3 кезеңге бөлінді:

1-ші кезең тестілеу, бұл кезеңде 2-ші кезеңнің қатысушылары іріктелініп алынды;

2-ші кезең сұрақтарға жазбаша жауаптар, бұл кезеңде 3-ші кезеңнің қатысушылары анықталды;

3-ші кезең сұрақ жауап, бұл кезеңде Олимпиада жеңімпаздары анықталды.

VI Алматы қалалық ашық, теориялық, геологиялық Олимпиадасының жеңімпаздары:

- жоғарғы топ бойынша (10-11 сыныптары)

1  Исаев Удер -  №75 Гимназия "Жаңа ғасыр"

2  Семенов Данил  -  ЖББМ №121

3  Медетбек Нурбек - 147 гимназиясы

-  орта топ бойынша (8-9 сыныптары)

1  Жомарт Пакиза  - №12 мамандандырылған гимназиясы

2  Раковский Андрей - ЖББМ №121

3  Оразгалиев Акимбек  - РФММИ

- кіші топ бойынша (6-7 сыныптары)

1  Кожахметова Эсмина  - ЖББМ  №3

2  Ерназаров Багдаулет -  ЖББМ  №2

3  Савченко Ангелина  -  ЖББМ №121

 

Жоғарғы топ жеңімпаздарына (11 сынып) Каспий Университетінің ректорлық грантын  бірінші проректор Дуйсенгулова Нуржамал Салимгереевна берді.

1-ші орынға 100% төлем 4 жылға

2-ші орынға 50% жеңілдік

3-ші орынға 20% жеңілдік.

 

Жеңімпаздар  «ҚР геология және минералдық ресурстар ақпараттық талдау орталығының» медальдарымен, грамоталарымен, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен  марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіпорын атынан әділ қазы мүшелеріне алғыс хаттар берілді.

 

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников1

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников4

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников6

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников7

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников66

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников8

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников9

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников77

Завершилась VI Алматинская городская открытая теоретическая геологическая Олимпиада школьников89