
2018 жылғы 31 мамыр күні Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 9-міндетті және ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында селекторлық режимде кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Орталық сайлау комиссиясының, «Нұр Отан» Партиясы «Бірлік» филиалының, ҚР Инвестициялар және даму министірлігінің орталық аппаратының, академиялық ортаның өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, комитет төрағалары, төраға орынбасарлары, бөлім басшылары, «Қазгеоақпарат» РГАО қызметкерлері, селекторлық режимде өңіраралық департамент басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Талқыланған мәселелер:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасы;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын жүзеге асыру.
Кездесу барысында ұлттық сана-сезімін өзгерту арқылы қоғамның рухани жаңару қажеттілігіне назар аударылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Сөз сөйлеушілер қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ететін белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға шақырды.
