Астана қаласында 25-ші Әлемдік Тау Кен Конгрессі аясында «Геологиялық барлау» сессиясы өтті

 Астана қаласында 25-ші Әлемдік Тау Кен Конгрессі аясында «Геологиялық барлау» сессиясы өтті

Астана қаласында 25-ші Әлемдік Тау Кен Конгрессі аясында «Геологиялық барлау» сессиясы өтті. Сессияның негізгі мақсаты – минералды- шикізат базасын өндіруді қамтамасыз ету үшін негізгі әлемдік трендті анықтау.

Сессияның модераторлары Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев және Орталық-Азия минералдық зерттеу «CERCAMS» орталығының жетекшісі профессор - Реймар Сэлтманн (Ұлыбритания) сөз сөйледі.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі – Тимур Тоқтабаев Сессия қатысушылары алдында сөз сөйледі.

Ол Қазақстанда заманауи технологияларға ие және тау кен өндіру және қайта өндіру өндірістерін құруға дайын компаниялардың инвестицияларын тартуға жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

Инвестициялық климатты жақсарту геологиялық барлау саласындағы юниорлық компаниялар нарығын дамытуға ерекше үміт артады. Австралиялық модельдің енгізілуіне байланысты нарықтық юниорлық компаниялардың ағылып келуі күтілуде. Ал бұл жаңа келісімшарттар мен жаңа жұмыс орындары. Қазақстанда юниорлық компанияларды дамыту инвесторлардың капитал құюдағы тиімді әдісі болып табылады.

Қазақстан үлкен және зерттелген минералдық ресурстарға ие. Сонымен қатар, көмірсутегі шикізаты болжамдық ресурстарымен бірге, Қазақстанда алтын, никель, кобальт, темір және хром кендерінің және де бірталай мыстың, қорғасынның және цинктің ресурстары бағаланды.

Анықтама:Алтынның болжамдық ресурстары - 10 мың. тонн, никель - 6,7 млн. тонн, темір кендері - 123 млрд. тонн, хром кендері -1,9 млрд. тонн, мыс - 100 млн. тонн, цинк - 135 млн. тонн, қорғасын - 58 млн. тонн.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің мүмкіндіктері жер қойнауындағы жалпы қорларының байлығы күнгімен салыстырғанда бірнеше есе көп екеніне куәміз және әрі қарай жер қойнауын геологиялық зерттеуді талап ететінін растайды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан геологтарының алдында негізгі мақсаттардың бірі – ол әлемдік деңгейдегі алдыңғы технологияларды қолдана отырып, терең горизонттарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы шикізат базасын толтыру.

Сессия барысында геология саласының негізгі тақырыптары талқыланды: есептіліктің әлемдік стандарттарын енгізу, тау-кен өндіру секторындағы инвестициялық тартымдылықты жоғарылату маңызды факторлары болып табылуы; жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттар жүйесінің тиімділігі; геологиялық барлаудағы инновациялық технологиялар.

Сессияда барлығы 23 баяндама тыңдалды.

В рамках 25-го Всемирного Горного Конгресса в г.Астана прошла сессия «Геологоразведка»

В рамках 25-го Всемирного Горного Конгресса в г.Астана прошла сессия «Геологоразведка»

В рамках 25-го Всемирного Горного Конгресса в г.Астана прошла сессия «Геологоразведка»