
Астананың 20 жылдығы қарсаңында Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде салтанатты жиын өтті. Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 20 мамырдағы №706 Жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 15 жұмыскері марапатталды.






