
«Ұлттық геологиялық қызмет» және «Micromine Орталық Азия» акционерлік қоғамы Геология және білім беру саласындағы әріптестік қатынастарды дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Іс-шараға Геология комитетінің төрағасы Еран Ақбаров пен Micromine PTY LTD компаниясының коммерциялық директоры Нанкет Амбруаз Жан қатысты.
Меморандум геология саласы, тау-кен ісі, жобаларды басқару, бизнесті техникалық басқару, ақпараттық технологиялар және автоматтандыру процестерін қоса алғанда, білім және ғылым саласында өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға бағытталған.
Меморандум аясында «Micromine Орталық Азия» ЖШС коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін Micromine Origin & Beyond тау-кен геологиялық ақпараттық жүйесінің 5 лицензиясын өтеусіз негізде 12 ай мерзімге береді. Сондай-ақ, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ қызметкерлері үшін Micromine бағдарламалық қамтамасыз етуді өтеусіз негізде пайдалану бойынша оқыту жүргізеді.
«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев:
-«Micromine» сынды нарықтағы беделді компаниялардың бірімен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Аталған Меморандум аясында атқарылатын жұмыстар мен ұсыныстарыңызға өз тарапымыздан алғыс білдіреміз. Меморандум біздің серіктестігіміздің жақсы бастамасы. Ары қарай жол картасы мен серіктестік аясында жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылайтын боламыз.
Тараптар теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде ынтымақтастық орнатты. Білім мен ғылымдағы ақпараттық алмасу саласын дамыту өзара тиімділік негізінде жүзеге асырылады
Меморандум «Ұлттық геологиялық қызмет» пен «Micromine Орталық Азия» арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамды, сондай-ақ, геология және онымен байланысты салалардағы білім мен ғылымды дамытуға ортақ қызығушылықты көрсетеді.
Еске салсақ, 2022 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға кешенді сервистік қолдау көрсету үшін Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ стратегиялық бағыттары:
Бірінші, геологиялық ақпаратты жинау, сақтау және ашық қолжетімділікті ұсыну бойынша Мемлекеттік инфрақұрылымды құру және басқару, бұл геологиялық ақпаратты жинауды қамтамасыз етуді, геологиялық материалдарды сақтауды, сүйемелдеуді, өңдеуді және өзектендіруді, сондай-ақ геологиялық ақпаратты сақтаудың цифрлық форматын қамтамасыз етуді көздейді.
Екіншіден, геологиялық саланы ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау сияқты мақсаттарды көздейтін жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту бойынша қолайлы климат құру.