8-тамыздан бастап 17-тамызға дейін Қазақстанның жас геологтары Тайландтағы IESO 2018 Халықаралық олимпиадасына қатысады

 8-тамыздан бастап 17-тамызға дейін Қазақстанның жас геологтары Тайландтағы IESO 2018 Халықаралық олимпиадасына қатысады

Ағымдағы жылдың 8-тамызынан бастап 17-тамызына дейін Қазақстанның жас геологтары Тайландтағы IESO 2018 Халықаралық олимпиадасына қатысады.

IESO (International Earth Science Olympiad) – бұл геология, геофизика, метеорология, мұхиттану, астрономия тәрізді ғылымдарды қамтитын Жер туралы жыл сайынғы халықаралық олимпиада.

Қазақстанның жас геологтарының командалары 2015 ж. Бразилиядағы, 2016 ж. Жапониядағы және 2017 ж. Франциядағы командалық жарыстарда алтынды, күмісті және қоланы иеленді.

Осындай іс-шараларға қатысу геологтардың дайындығына және жаңа буынын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.

Олимпиадаға әлемнің 40 елінің жас геологтары қатысады. Төрешілер алқасының құрамына түрлі елдердің танымал ғалым геологтары кірді.

IESO 2018 олимпиадасына конкурстық іріктеуге жас геологтардың үйірмелеріне белсенді тартылған Қазақстанның барлық өңірлерінің орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары, басқа да халықаралық олимпиадаларға қатысу дипломдары және сертификаттары және оқу орындарынан жақсы мінездемелері бар, ағылшын тілін жетік меңгерген, жас геологтардың республикалық олимпиадаларының қатысушылары қатысты. Қазақстаннан IESO 2018 қатысушылары - Умурзак Асылбек (10 сын. НЗМ, Астана қ.), Айтуганов Ислам, (11 сын. НЗМ IB, Астана қ.), Камила Кажен (11 сын., ФМБ НЗМ, Астана қ.), Ақназар Қажымұрат (11 сын., ФМБ НЗМ, Алматы қ.).

«Жас геолог» корпоративтік қоры олимпиадаға сапарды ұйымдастыруға көмегі үшін Шахмардан Есенов академик атындағы қорға алғысын білдіреді.