
Геология комитетінде Комитеттің әдеп жөніндегі уәкілі – Бимахамбет Асановтың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары және мемлекеттік қызметтегі шектеулер» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Комитеттің 18 қызметкері қатысты. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі стандарттарының жалпы ережелері, әдеп қағидаттары, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшілердің әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастағы әдеп нормалары, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті және қоғаммен қарым-қатынасы туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы нормалар кеңінен түсінідірілді. Семинарда кәсіби әдепті реттеудің шетелдік тәжірибесі атап айтқанда, Германияның, Жапонияның, Францияның осы саланы реттеуге бағытталған бірқатар нормалары қарастырылды.
Жиын соңында семинар қатысушылары көтерілген тақырыптар бойынша өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.