
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Таджікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО кластерлік бюросының кеңесі болды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті атынан Алматы қаласындағы «Оңтүстік қазжерқойнауы» Өңіраралық департаментінің басшысы Айбек Ижанов қатысты.
Кеңес барысында Қазақстанның бес өңіріндегі Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы «Қазақстандағы ЮНЕСКО объектілерінің тұрақты дамуына көмек көрсету» пилоттық жобасының қызметі талқыланды. Бұл жобаны ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен іске асыру жоспарлануда. ЮНЕСКО объектілерінің ішінде Әлемдік мұра, биосферлік резерваттар және потенциалды геопарк объектілері ерекше назарға алынатын болады.


