Қазақстандық делегация Ресейде өткен «Жерасты сулары 2018» Халықаралық конференциясына қатысты

 Қазақстандық делегация Ресейде өткен «Жерасты сулары 2018» Халықаралық конференциясына қатысты

2018 жылы 3-5 қазанда Ставропольский өлкесі Пятигорск қаласында Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігінің Жер қойнауын пайдалану бойынша федералды агенттігінің ұйымдастыруымен «Жерасты сулары 2018» Халықаралық конференциясы болды.

Конференция жұмысына Ресей Федерациясының мемлекеттік жер қойнауы қоры басқармасы органдарының және мемлекеттің басқарма органдарының өкілдері, жетекші ғылыми және ғылыми-өндірістік орталықтар мен ұйымдардың, ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мамандары, сондай-ақ ресейлік және шетелдік жетекші гидрогеолог мамандар қатысты.

Қазақстаннан Конференцияға ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Гидрогеология және инженерлік геология басқармасының басшысы Айтмурат Исаев және ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Жер қойнауын сараптау басқармасының бас сарапшысы Жаңыл Калашникова, сондай-ақ «У.М.Ахметсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директорының орынбасары Ермек Муртазин қатысты.

Конференция барысында жер асты суларын іздеу және барлау, жер асты суларының қорларын есептеу, жер асты су кен орындарын жетілдіру және қолдану, жер асты суларын ластанудан қорғау, жер қойнауын пайдалану және жер асты сулары қорларының экспертизасы және т.б. мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының жер асты су ресурстарын қолданудың қазіргі жағдайы жөнінде ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті гидрогеология және инженерлік геология басқармасының басшысы Айтмурат Исаев баяндады.

 

Казахстанская делегация приняла участие в международной конференции «Подземные воды 2018» в России