
«Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдардың қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Орталық қазжерқойнауы» ӨД бірлесе отырып, «Центргеолсъемка» ЖШС базасы негізінде Қазақстан Республикасының өндірістік геологиялық ұйымдардың бас геологотары мен жас мамандардың жиынын өткізді. Жиналыс мақсаты – тәжірибе мен білім алмасу, геологиялық барлау жұмыстары барысында туындайтын мәселелерді талқылау. Іс-шараның салтанатты бөлімі модератор, Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдардың ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті Галина Баймаханова, «Орталыққазжерқойнауы» ӨД басшысы, техника ғылымдарының кантидаты Азамат Шалабаев, «Центргеолсъемка» ЖШС Президенті Хандаш Исмаилов сөз сөйледі. Жиын барысында бас геологотар мен жас мамандардың геология саласының өзекті мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.
Бағдарламаның екінші жартысында «Центргеоланалит» ЖШС зертханасы бойынша экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ сараптамалық зерттеу, зерттеудің физикалық әдістері, инженерлік-геологиялық зерттеу, көмір және мұнай өнімдерін зерттеу зертханаларына Қазанның 12 күні күннің бірінші жартысы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Нұрқазған кенішінен басталды. Нұрқазған кенішінің жер асты шахтасында экскурсия жүргізілді және KAZRC халықаралық стандарт есебі бойынша семинар өтті.









