«Орталық Азиядағы Геология және пайдалы қазбалар кен орындары» семинары

«Орталық Азиядағы Геология және пайдалы қазбалар кен орындары» семинары
Ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты дамыту мақсатында 23-24 қарашада Геология комитетінің төрағасы Е.Акбаров IAGOD (International Association on the genesis of Ore Deposits) SATBAYEV UNIVERSITY базасында ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы Геология және пайдалы қазбалар кен орындары» семинарына қатысты.
Семинардың спикері Cercams Ұлыбритания Жаратылыстану Тарихы мұражайы директоры, профессор Раймар Селтман болды.
Семинар барысында Орталық Азияда алтын, мыс және сирек металдар кен орындарының пайда болу және орналасу заңдылықтары, сондай-ақ олардың әлеуеті мен болашағы қарастырылды.