
8 сәуір Алматы қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиевтің төрағалығымен «Еуразия» жобасының 1-фазасының 2022 жылғы бірінші тоқсанындағы жұмыстарын талқылау бойынша кеңес өтті.
Кеңеске геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі Ұлттық оператор «РГАО «Қазгеоақпарат»-тың Бас директоры Ж.К. Карибаев, Геология комитетінің өңіраралық департаменттерінің басшылары «Оңтүстікқазжерқойнауы» А. А. Абдыгалимов және «Батысқазжерқойнауы» А. К. Еримбетов, сондай-ақ консорциум компанияларының өкілдері қатысты.
Еуразия жобасының 1-фазасын іске асырып жатқан консорциум құрамында ҒӨО «Геокен», «PGS Казахстан» ЖШС, «Меридиан Евразия» ЖШС, GSS ЖШС, «Каззарубежгеология» ЖШС, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті және «Бэйсип ГеоТехнологии» ЖШҚ.
Өткізілген кеңес барысында жобаға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Баяндамада грави -, магнит - және электрбарлау деректерін өңдеу және түсіндіру бойынша жұмыстар аяқталғанын атап өтті. Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи технологиялары арқылы геологиялық қиманың жылу сипаттамаларын зерттеу жүргізілуде.
Жоба шеңберінде қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді қайта өңдеу мен қайта түсіндірудің озық инновациялық технологияларын қолдана отырып, Каспий маңы ойпатының Қазақстандық бөлігінің тұзасты шөгінділерінің терең геологиялық құрылымын зерделеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, терең облыста өңірлік геологиялық бейіндерді қайта өңдеу бойынша жұмыстар аяқталуда. Сейсмикалық барлау деректерін және терең ұңғымаларды бұрғылау нәтижелерін қайта түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. 1-фаза бойынша қорытынды есепті жасау мақсатында барлық геологиялық-геофизикалық деректерді түпкілікті және кешенді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кеңес қорытындысы бойынша «Еуразия» жобасының жол картасы аясында нақты тапсырмалар берілді.