
8 сәуір Алматы қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиевтің төрағалығымен «Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын орналастыру заңдылықтарының атласы» (бұдан әрі – Атлас) жобасы бойынша 6 айдың жұмыс қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өтті.
Кеңеске геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі Ұлттық оператор «РГАО «Қазгеоақпарат»-тың бас директоры Ж.К. Карибаев, «Оңтүстікқазжерқойнауы» Геология комитетінің өңіраралық департаментінің басшысы А. А. Әбдіғалимов қатысты.
Өткізілген кеңес барысында жобаға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар бірінші кезеңде геодинамикалық негізде Қазақстанның қатты пайдалы қазбалар кен орындарын орналастыру заңдылықтарын жинау, талдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атласқа енгізілетін кен орындардың жаңартылған тізбесі ұсынылды.
Биыл қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау жөніндегі ұсынымдармен бірге елдің геологиялық құрылымы туралы өзекті ақпаратты қамтитын қатты пайдалы қазбалардың Атласын жасау жоспарлануда.
Атласта кенді объектілерді болжаудың өлшемдері мен әдістері қосымша айқындалатын болады. «Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын орналастыру заңдылықтарының атласы» жобасы бойынша жұмыстарды Қ. И. Сатпаев атындағы Геология ғылымдары институтының қызметкерлері атқаруда.
Әзірленген атлас геологтар мен инвесторлар үшін нұсқаулық болады.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.