Қазақстанның Экология вице-министрі Талғат Момышев Иран тарапымен бірқатар мәселелерді талқылады

Қазақстанның Экология вице-министрі Талғат Момышев Иран тарапымен бірқатар мәселелерді талқылады

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев Иран Республикасына сапары барысында Министрдің орынбасары – Иран геологиялық ұйымының басшысы Али Реза Шахидимен кездесті.

Кездесу геологиялық ғылым мен технологиялар саласындағы қызмет салаларын, минералды ресурстарды қоса алғанда, табиғи ресурстар туралы хабардарлықты кеңейту мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту шеңберінде өтті.

«Иранның Геологиялық қызметінің мол тәжірибесі мен әлеуетін ескере отырып, біз Қазақстанның Ұлттық геологиялық қызметінің жұмысы бойынша сіздердің ұсыныстарыңыз бен ұсынымдарыңызды қуана қабылдаймыз», - деп атап өтті кездесу барысында Т.Момышев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар перспективалық жоба (түсті және асыл металдарды барлау) бойынша келісімге қол қоюға келісті.

Сондай-ақ, Талғат Момышев Иранның Орман, жайылым және су жинау бассейндері жөніндегі ұйымның басшысы Масуд Мансурмен кездесті. Тараптар су шаруашылығы жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Біздің сарапшылар Иранның су шаруашылығы саласындағы консалтингтік компаниялары мен мердігерлерін пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру бойынша техникалық және инженерлік көрсетілетін қызметтердің экспорты, су тасқындарының алдын алу және қазақстандық мамандар үшін суды модельдеу бойынша қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастыру, су ресурстарын басқаруда қашықтықтан зондтауды қолдану бойынша ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.