
Астана қаласында XI KAZENERGY Еуразиялық форумы өтті. Оған Ресей, Қытай, АҚШ, Грузия, Польша, Чехия, Каспий аймағы елдері, Тәжікстан, Украина және т.б. отандық және халықаралық өкілдер қатысты.
«Геологиялық барлау және көмірсутек ресурстары: болашаққа көзқарас» сессия бағдарламасы аясында Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы Ақбатыр Надырбаев «Қазақстан Республикасының көмірсутек шикізатына геологиялық барлау жұмыстарының жағдайы туралы» баяндама жасады. Бағдарлама сессиясының қатысушылары «Жаһандық энергетикалық теңдікте мұнай және газдың үстемдік қызметі және онда геологиялық барлаудың орны», «Жаңа кен орындарды барлаудың және жетілдірудің жоқтығына байланысты, әлемдік нарыққа энергия қорларды жеткізудің тапшылығының пайда болу қауіпі», «Еуразия» - Қазақстанның стратегиялық кескіні, мұнай және газ іздеудегі жаңа бағыт», «Геологиялық барлаудағы инновациялық технологиялар», «Кризис және өзгерістер жағдайында геологиялық барлау жобаларының өмір сүруге бейімділігі», «Барлау үшін жаңа инвестициялық ынталандыру» сияқты тақырыптар талқыланды.
