
"Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД департамент басшыларының, қызметкерлерінің және бейне-конференц байланыс бойынша өңірлік инспекциялар қызметкерлерінің қатысуымен Жаңа жыл мерекесіне және Жамбыл өңірлік инспекциясының бас маманы Алимбетов Сабырхан Зильтаевичтың зейнетке шығуын құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент басшысы Алмаз Абдрашевич Абдыгалимов:
қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, сонымен қатар С.З. Алимбетовке Геология Комитеті төрағасының Алғыс хаты табысталды.
Сабырхан Зильтаевич геология саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Өзінің еңбек жолын 1976 жылы Шиелі жылжымалы механикаландырылған 1607-колоннасының жұмысшысы қызметінен бастаған. 1979 жылдан бастап 2002 жылға дейін өндірісте геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы еңбек жолында ГРП №23 ПГО "Краснохолмскгеология, ГРП "Промразведка", ПО "Каратау" бұрғылау көмекшісі қызметін, ГРП "Промразведка" ПО "Каратау", КГУ "Казгеология", Жанатас, ЖРУ ЗАО "Фосфорит" мекемелерінде геолог қызметін атқарған. 2002 жылы 18 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «Оңтүстікқазжерқойнауы мекемесінде Жамбыл өңірлік инспекциясының бас маман қызметін атқарып келді. Өндірісте, мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі зор бүгінде үлгілі маман.