
"Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД департамент басшыларының, қызметкерлерінің және бейне-конференц байланыс бойынша өңірлік инспекциялар қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент басшысы Алмаз Абдрашевич Абдыгалимов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды, жауапты және құрметті мүшесі ретінде қалыптасып, экономикасы дамыған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналғанын атап өтті. Одан әрі даму үшін геология саласының көрсеткіштері мен нәтижелері негізгі шарт болып табылады. Сондықтан Тәуелсіз егемен Қазақстанның қалыптасуында геология саласы да үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздік жылдарында геология саласы үнемі дамып, жетілдіріліп отырды.
Салтанатты шарада А.Әбдіғалымов басшының орынбасары А. Коротковқа "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалін табыстап, риясыз еңбегі үшін алғысын білдіріп, департаменттің бірқатар қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.