2021 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында Геология комитетінің төрағасы Т. Б. Сатиевтің төрағалығымен "Еуразия" жобасы бойынша кеңес өтті.

2021 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында Геология комитетінің төрағасы Т. Б. Сатиевтің төрағалығымен "Еуразия" жобасы бойынша кеңес өтті.

1-кезеңнің геологиялық міндеттерінің негізгі мақсаты Каспий маңы ойпатының терең жатқан объектілері бойынша перспективалы учаскелерді бөлу және барлаудың ең заманауи технологияларын қолдана отырып, одан әрі геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламаларын әзірлеу болып табылады. Қолда бар деректерді зерделеу қорытындысы бойынша толық ауқымды 3Д бассейндік модельдеу жүргізілетін болады, бассейннің үлкен тереңдігінде перспективалы объектілерді іздеу мақсатында одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін перспективалы учаскелер бөлінетін болады.

1-кезеңнің бағдарламасы шеңберінде барлық қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді және бұрын бұрғыланған терең ұңғымаларды жинау, талдау, цифрлау, демультипликациялау, қайта өңдеу және кешенді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, Каспий маңы ойпатының барлық аумағы бойынша геофизикалық өрістердің жиынтық цифрлық модельдері мен карталарын дайындау.

1-кезеңнің "Еуразия" жобасы шеңберіндегі зерттеулердің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, ол Каспий маңы ойпатының барлық аумағы бойынша қазіргі заманғы геофизикалық негіз құруға, қолда бар геофизикалық материалдардың геологиялық ақпараттылығын, геологиялық-болжамды құрылыстардың тереңдігі мен дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді. "Еуразия" жобасының 1-кезеңін іске асыру 2021-2022 жылдарға жоспарланған.