ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күні» ірі азаматтық акциясына қатыcуда

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күні» ірі азаматтық акциясына қатыcуда

Елді көгалдандыру – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қойған маңызды міндеттерінің бірі.

19 қыркүйекте бүкіл әлемде тазалық күні атап өтіледі және «World cleanup Day» дәстүрлі ірі акциясы өтуде. Бұл күні бүкіл әлем бойынша адамдар сенбілікке шығып, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартады. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күні» ірі азаматтық акциясына қатысып, елорданың саябақтары мен көшелерін қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Осылайша, Нұр-сұлтан қаласының аумағын абаттандыруға өз үлесін қосуда.

Геология комитетінің қызметкерлері қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарау және экологиялық құндылықтарды қалыптастыру адамдардың өмірін жақсартуға және тұтастай алғанда елдің тұрақты дамуына ықпал ететініне сенімді.