Қызметтік қажеттілікке байланысты БҰЙЫРАМЫН:
9-тараудың 9.2-тармағындағы «Қашықтықтан оқыту әдістері», «Жиілік диапазоны», «Объектінің спектрлік бейнесі» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қашықтықтан оқыту әдістері геологиядағы түрлі жиілік және/немесе электромагниттік диапазонындағы электромагниттік сәулелену жазбаларын бекіту, геопозициялау және дешифрлеу арқылы түрлі ұшу аппараттарынан литосфераның құрылымы мен даму заңдылықтарын зерттеудің технологиялары мен әдістерінің жиынтығы.
Жиілік диапазоны - электромагниттік толқындардың (электромагниттік толқындардың спектрі) - ЖҚЗ қолданылатын электромагниттік толқындардың барлық әртүрлілігі.
ЖҚЗ кезінде мынадай диапазондар бөлінеді және пайдаланылады: радиотолқындар (<30 кГц - 300 ГГц), инфрақызыл сәулелену (300 ГГц-429 ТГц); көрінетін (оптикалық) сәулелену (429-750 ТГц).
Объектінің спектрлік бейнесі - (объектінің спектрлік қолтаңбасы) зерттелетін объектінің түрлі жиілік және\немесе спектрлік диапазонындағы шағылысу коэффициенттерінің мәні. Әрбір объектінің өзіндік ерекше спектрлік бейнесі бар, оны ЖҚЗ орындау кезінде анықтауға болады.»;
9.3-тармақтың «Фотографиялық суреттер» бөлігі алынып тасталсын;
9.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жерді спутниктік қашықтықтан зондтау технологияларын пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау геологиялық міндеттері мен мәселелерін шешуде "жалпыдан жекеге" қағидаты кеңінен қолданылады. ЖҚЗ оптикалық, радиолокациялық, гиперспектралды деректерінің біреуін пайдалану немесе жиынтық қолдану зерттеу орнындағы іздеу және/немесе географиялық жағдайлар бойынша қойылған міндеттерге сүйене отырып айқындалады.
Бастапқы кезеңдерде ашық қолжетімділікте қолжетімді ЖҚЗ деректері қолданылады (құқық иеленуші лицензиясының шарттарында).
Мұндай мәліметтерге ғарыш аппараттарының суреттері жатады:
- Landsat сериясы
-Sentinel-2 сериясы
-Sentinel-1 сериясы
- Terra ASTER
- және басқалар.
ЖҚЗ деректерін зерделеу және талдау қорытындылары бойынша бастапқы кезеңде алынған нәтижелердің жеткіліктілігі, дұрыстығы және сапасын бағалау айқындалады.
ЖҚЗ деректерінің ашық қолжетімділіктен техникалық сипаттамалары ЖҚЗ деректерін өңдеудің сенімді және сапалы нәтижелерін алу үшін жеткіліксіз болған және/немесе бастапқы кезеңде анықталған аумақтың белгілі бір шағын учаскелерін жете зерделеу қажеттілігі болған жағдайларда, келесі кезеңде коммерциялық ғарыш аппараттарынан алынатын ЖҚЗ деректерін пайдалану көзделеді. Коммерциялық ғарыш аппараттарынан алынған ЖҚЗ деректері ашық қолжетімділік деректеріне қарағанда жақсартылған техникалық сипаттамаларға (спектрлік арналар саны / кеңістіктік ажыратымдылық) ие болуы тиіс.»;
9.14 - тармақтағы «2 Кезең» мынадай редакцияда жазылсын:
«2 Кезең. Болжамды критерийлердің шағылысу спектрлерінде бейнелеуді, индекстік кескіндер негізінде оларды тануға үйретілген бағдарламада спектрлік кескіндерді тану алгоритмдерін құруды көздейтін, ғарыштық суреттерді мультиспектрлік талдау.».