«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ тәуелсіз директор лауазымына конкурс

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Директорлар кеңесінің аудит комитетінің төрағасы міндеттерін атқаратын тәуелсіз директор лауазымына конкурс жариялайды.
 
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
•Жоғары білім және/немесе магистр дәрежесі; басқару, экономика немесе қаржы саласында қосымша білім артықшылық болып табылады.
•Жұмыс тәжірибесі: салалық бағыттарда кемінде 10 жыл, оның ішінде 5 жыл басқарушылық қызметте және 1 жыл Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде.
•Кандидат 35 жастан асқан болуы тиіс және тәуелсіз директор критерийлеріне сай болуы керек (мүдделер қақтығысының, соттылығының, мемлекеттік қызметтің болмауы және т.б.).
 
Құжаттар қабылданады:
•2025 жылғы 4 желтоқсаннан 10 желтоқсан сағат 15:00-ге дейін.
•Электронды пошта арқылы: m.abdraimov@mps.gov.kz
•Тұрғылықты мекен-жай бойынша немесе пошта арқылы: Астана қаласы, Мамбетова көшесі, 32, 3-қабат, 304-кабинет
 
Байланыс үшін:
Абдраимов Марат Уайисбекұлы, тел.: +7 (7172) 24-82-24
 
Конвертке жазу: «Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын іріктеу»

 

Дата публикации
03 декабря 2025