Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелері 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау шеңберінде (бақылау және қадағалау субъектісіне (нысанына) бармай жүргізілетін) 654 кәсіпкерлік нысанды қамтыды.
Профилактикалық бақылау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне анықталған бұзушылықтар және оларды белгіленген мерзімде жою жолдары көрсетілген хабарламалар жіберілді.
Сонымен қатар, Жоғары аудиторлық палата мен прокуратура органдарының тапсырмаларына сәйкес, Комитет есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзғаны үшін 340 жер қойнауын пайдаланушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.