1:50 000 масштабтағы екінші буынды геологиялық түсірілімді жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 64 және 74-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 1:50 000 масштабтағы екінші буынды геологиялық түсірілімді жүргізу бойынша қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Ақпараттық технология және цифрлық тасымалдау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін комитет Төрағасы орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
21 июля 2025