|
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасының м.а.
________________Т. Сатиев
«____» __________ 2020 жыл
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті мен Өңіраралық департаменттерінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы Геология комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Геология комитеті (бұдан әрі - Комитет) пен Комитеттің өңіраралық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) қызметкерлерінің өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру және Геология саласындағы өкілеттіктерді орындау кезіндегі іс-әрекеттерін айқындайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және болдырмау, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті салаларында құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері: Комитет пен Департаменттер қызметкерлерінің (бұдан әрі - Комитет пен Департаменттер қызметкерлері) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардың теріс салдарларын болдырмау; Комитет пен Департаменттер қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Комитеттің және Департаменттер қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылады;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Комитеттің және Департаменттер барлық қызметкерлерінің орындауы міндетті;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты тиісінше орындамағаны үшін Комитет пен Департаменттер қызметкерлері дербес жауапкершілікте болады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Комитет пен Департаменттер қызметкерлерінің белгіленген талаптарды бұлжытпай сақтауға және қызмет саласына байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.
- Комитет пен Департаменттер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылау әдеп жөніндегі уәкілге және басқарма басшылары және департаменттердің басшыларына жүктеледі.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі Комитет пен Департаменттер қызметкерлерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрдің, Жауапты хатшының, Комитет төрағасының бұйрықтарына, сондай-ақ Комитет пен Департаменттер Ережесін басшылыққа алу;
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;
- адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, сыпайылық және әдептілік таныту;
- лауазымдық міндеттеріне кіретін шешімдер қабылдау кезінде өз міндеттерін орындауға байланысты материалдық игіліктерді, қызметтерді және өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауы, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, орынды сынды кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін пайдалану;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
- заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;
- мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
- оларға берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу
- Мемлекеттік қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын көрсету кезінде Комитет пен Департаменттер қызметкерлері:
- тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
- заңнамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға толық және дұрыс ақпарат беру;
- заңнамада көзделмеген құжаттарды талап етуге, мемлекеттік қызметтер көрсету барысында (төрешілдікке) және өзге де рұқсат беру міндеттерін талап етуге жол бермеу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіру кезінде басшылыққа баяндау;
- мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тұрақты жетілдірілуін, үнемділігін және тиімділігін қамтамасыз ету.
- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Комитет пен Департаменттер қызметкерлері:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының нормаларын және 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Ережесін басшылыққа алсын;
- Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақша қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
- Мемлекеттік сатып алу үрдісінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
- атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуға жол бермеу.
- Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде Комитет пен Департаменттер қызметкерлері:
- мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жеке мүдделілік, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға бейімділік туралы болған жағдайда тікелей басшыға баяндау;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
- әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуге және лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін қызметтен тыс қызмет көрсетпеуге;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;
- басшылыққа өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды жедел қарау үшін қандай да бір пайда алуға бейімділік туралы баяндау;
- орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күмән келтірілгені туралы тікелей басшыға дереу жазбаша нысанда хабарлау;
- егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған жағдайда, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;
- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
- Іріктеу және орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде Комитет пен Департаменттер қызметкерлері:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндік пен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған кезде заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, кадрларды туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде заңда көзделмеген басымдылыққа (тамыр-таныстық, отбасылық) жол бермеу, жеке қатынаста қызметін жоғарлату, көтермелеу немесе жазалау, кадрлық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін негізгі болып табылмауға тиіс;
- дербес деректерді өңдеу кезінде ақпарат пен материалдарды үшінші тарапқа бермеу;
- мемлекеттік органның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
- іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау.
- Мемлекеттік жерқойнауын геологиялық зерделеу, минералдық шикізат базасын өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде Комитет пен Департаменттер қызметкерлері:
- тұрақты негізде геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру саласындағы қызметтің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
- тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қызметтерінің жұмысын жетілдіру;
- бақылау-инспекциялық қызмет барысында заңнамада көзделмеген құжаттарды, барынша (төрешілдікке) талап етуге жол бермеу;
- жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін уақтылы және сапалы қарау.
- бақылау іс-шараларын және шешім қабылдауды көздейтін өзге де іс-қимылдарды жүргізу кезінде мәселелерді объективті және заңнамаға сәйкес қарау;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалғаны бейімделген кезінде басшылыққа баяндау;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу, олар туындаған кезде заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.