Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жобалары аясында карталау ұңғымаларын бұрғылау кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау мен құжаттамалауды ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті Төрағасының 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №72-нқ бұйрығының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Автоматтандыру және мемлекеттік басқару басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті Төрағасы орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Қ. Ерубаев