«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64 және 74-бабтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу кезінде геохимиялық жұмыстарды орындау, сапасын қамтамасыз ету және нәтижелерін бағалау жөніндегі қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Автоматтандыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Ерубаев