Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 23 шілдедегі №137 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Ережесінің 71 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары тізімі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Автоматтандыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары қосымшасымен бірге осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Ерубаев