Пайдалы қазбаларды жалпы іздестірумен екінші буынды ГТ-50 сүйемелдеу үшін түсірілімдерді қоса алғанда, қатты пайдалы қазбаларға түсірілім және іздестіру жұмыстарын аэрогеофизикалық сүйемелдеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 64 және 74-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Пайдалы қазбаларды жалпы іздестірумен екінші буынды ГТ-50 сүйемелдеу үшін түсірілімдерді қоса алғанда, қатты пайдалы қазбаларға түсірілім және іздестіру жұмыстарын аэрогеофизикалық сүйемелдеу жөніндегі қоса беріліп отырған Әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Автоматтандыру және мемлекеттік басқару басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
17 августа 2026