Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі №176 «Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған 1 және 2 қосымшадағы Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аз зерттелген аумақтардың тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Автоматтандыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төраға орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бұйрық
Дата публикации
26 июня 2026