
1987 жылы туылған. 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «экономика және бизнес», 2020 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2008-2021 жылдары салық органдарында түрлі лауазымдарда, оның ішінде жетекші маман, бас маман және басшылық қызметтерде жұмыс істеген;
01.2021- 09.2021 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары;
2021-2022 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;
2022-2023 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі;
2023 - 2025 жылдары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті келісімшарттар басқармасының басшысы;
2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарып келеді.