«Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясымен 01.10.2024ж. дейінгі атқарылған жұмыстар ақпараты

«Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясымен 01.10.2024ж. дейінгі атқарылған жұмыстар ақпараты

Батыс Қазақстан облысында «Карамай» ЖШС (Болганмола учаскесінің 9 ұңғымасы), «BIOPROM KZ» ЖШС (Карповский Северный учаскесінің 11 ұңғымасы) жер қойнауын пайдаланушылар аумағында бұрын бұрғыланған ұңғымаларды табыс ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Жер қойнауын пайдаланушылардың балансына барлығы 20 ұңғыма табысталды.

         089 Республикалық бюджеттік бағдарламасының «Минералдық-шикізат базасы мен жер қойнауын пайдалану, жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің мониторингі» 103 кіші бағдарламасы шеңберінде «Батыс Қазақстан облысының аумағында жер асты суларының режимі мен теңгерімін, жай - күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеу» объектілерінің тоқсан сайынғы мониторингі бақылауларына тексеру жүргізу жүзеге асырылды.

         Жер асты суларының режимі мен балансын зерделеу жөніндегі стационарлық бақылау желісі 19 бекетте 228 ұңғыманы қамтиды. Ластану учаскелерінде жер асты суларының жай-күйін бақылау (қорғау) ластанудың 10 учаскесінде 60 ұңғыма бойынша жүргізіледі. Ұңғымалардағы су деңгейі мен температураны өлшеу, ұңғымалардың тереңдігін өлшеу және сынама алу жұмыстарын «Barlau-Qazaqstan» ЖШС гидрогеологиялық қызметі жүргізеді.

         Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы кенттерінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін арнайы су пайдалану шарттарына 7 қорытындыға келісім берілді.

         Облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан өткізетін жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы жұмысына және жұмыс тобының отырысына сонымен қатар, басқа да семинарларға қатысуда.