104 «Иесіз мұнай-газ және өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау» кіші бағдарламасы
2022-2023 жж осы кіші бағдарлама шеңберінде иесіз өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою бойынша жұмыстар жүргізілді:
- Ақтөбе облысында – 12 ұңғыма;
- Атырау облысында – 47 ұңғыма;
-Маңғыстау облысында – 12 ұңғыма.
Атырау облысындағы 21 ұңғыма және Маңғыстау облысындағы 1 ұңғыма бойынша орындалмаған жұмыс көлемі Республикалық бюджетке қайтарылды (секвестрлеу үшін).
Сондай-ақ, осы кіші бағдарлама аясында «Батыс Қазақстан облысындағы 4 өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою» нысанының жобалық-сметалық құжаттамасы құрастырылды-орындаушы «Viridi Navitas» ЖШС.
Жобалық сметалық құжаттама «Батысқазжерқойнауы» ӨД мұрағатына тапсырылды.